Оқушыларды ндірудің формалары мен әдістері

· Этикалық әңгімелер

Мектеп тәрбиесінде оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында этикалық әңгімелер жүргізу кең орын алған. Этикалық әңгімелер көлемі жағынан шағын, мазмұны жағынан терең, өте құнды материал болып табылады. Этикалық әңгімелерге мектеп, сынып өмірінен мәліметтер, көркем әдебиет шығармалары, ғалымдар, педагогтардың ұлағатты сөздері, газет, журнал мақалалары жатады. Оқушылардың өздеріне әңгімеге қажетті материалдарды жинату өте тиімді. Мысалы: еңбексүйгіштік, шыншылдық, адалдық туралы мақал-мәтелдерді жинатуға болады. Этикалық әңгімелер тақырыптары өмірмен байланысты болуы қажет. Этикалық әңгімелерді мынадай негізде өткізуге болады: өмірден алған оқушылардың тәртібі туралы хабарлар немесе көркем әдебиет щығармаларынан үзінді келтіру. мысал келтірілген оқиғаларды түсіндіру, талдау, қайшылықты жағдаятты талқылау, адамгершілік қасиеттердің белгілерін хабарлау, оны бұрын қалыптасқан моральдық түсініктермен салыстыру. Қорытындысында оқушыларға этикалық әңгімені талдату мақсатында тапсырма беру. Этикалық әңгіменің мазмұны және оны қолдану әдісі оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты. Бастауыш сыныптарда әңгімеге тарту үшін оқушыларға түсінікті түрде шағын сұрақтар беріледі, көрген фильмдерден, әдеби шығармалардан, қоршаған өмірден мысалдар келтіріледі. Кей жағдайда күні бұрын сынып жетекшісі жоспарламаған тәрбиелік сипаттағы эпизодтық әңгімелер өткізіледі. Ол жеке оқушылардың, ұжымның тәртібінде жіберілген кемшіліктерді талқылаған кезде қолданылады. бұл әңгімелерді өткізуде оқушылар ұжымының талаптарына сүйену керек. Көбіне этикалық әңгімелер «Оқушылар ережесін» талқылағанда қолданылады. Педагогтар оқушылардың бір-біріне, ақыр соңында оқушының өз-өзіне талап қоюы мақсатына жетуі қажет. Бұған оқушыларға тәртіп ережесін түсіндіру ғана емес, оны орындатумен қол жеткізеді.



· Адамгершілік тамырлары

Тақырып:Мейрімділік және қайырымдылық.

Мейрімділік және мейрімсіздік.

1. Асхат аулада қыдырып жүрді. Көп қабатты үйдің балконындағыкір

ілгіште жаюлы тұрған жұмсақ ойыншық аю құлап түсті. Асхат ойыншықты көтеріп алып, жоғары қарады, ешкім жоқ екен, Асхат көптеген осындай ойыншықты армандаушы еді, ол ойыншық аюға қарап ойланып қалды. Қалай ойлайсыздар, Асхат не ойлады. Ол бір дұрыс шешім қабылдады. Ол қандай шешім еді?

Асхаттың іс-әрекетін қалай бағалайсыздар?

Мейрімділік деген не?

Мейрімділік – бұл адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге көмектесу.

Балалар өздерің өздерің істеген мейрімді іс-әрекеттер туралы айтып беріңдер. Неге олай істедіңдер?

2. Мақпал мектепке келе жатты. Алдынан алдыңғы аяғы жаралыкішкентай қара күшік шыға келді. Мақпал тоқтап еді, күшікте тоқтады. Мақпал күшіктің басына сипады, күшік оған жалынышты көзбен қарады. Мақпал сөмкесінен алып.....................Қыз күшікке не істеуі мүмкін? Бұл қызды мейрімді деуге бола ма? Неге?

3. Балалар құмда ойнап отыр еді. Қастарынан жүні түскен ауру мысық

өтіп бара жатты.

- Ой, қандай жаман мысық – деді Ләззат.

- Бір нәрсе лақтырғым келіп тұр –деді Нағима.

Балалар мысыққа тас лақтыра бастады.

Балалардың бұл іс-әрекетін қалай бағалауға болады.



Мейрнімділік деген не?

Мейрімсіздік – бұл адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге зиян келтіру.

Сіздер байқаған мейрімсіздік іс-әрекеттер туралы айтыңыздар.

Мейрімді істерді қалай жасау керек? Деген шағын әңгіме құраңыз.

4. Бақытқа кішкентай күшік сыйлады. Ол барлық бөлмелерде еркінойнақтап жүрді. Үстелдің аяғымен ойнап отырған күшікке қарап Бақыт: - «Қандай тәрбиесіз күшік» - деді.

Оның тәрбиесімен өзі айналысуды ойлады. Ол одан өзінің бұйрығын орындауды талап етті, орындамаса таяқпен ұрып-соқты. Уақыт өте келе кішкентай күшік ашулы үлкен итке айналды. Бақыт өскен күшігіне қарап, ештеңеге түсінбеді. Неге күшік ашулы болып өсті? Бақыттың іс-әрекетін қалай бағалауға болады? Итті қалай тәрбиелеу керек еді?

5. Балалар төменде келтірілген мысалдардың қайсысы мейрімділікке,

мейрімсіздікке жатады?

- Гүлзарда фудбол ойнау;

- Мектеп қабырғаларына сурет салу;

- Мектеп жанына өсімдік отырғызу;

- Қыздардың шашынан тарту;

- Сағызды балаларға лақтыру;

- Кішкентай қарындасыңды ойнату;

Сіздің көзқарасыңыз?

Сіз қандай мейрімді іс жасадыңыз;

6. Балалар, қайырымдылық дегеніміз не?

7. Қайырымдылық не үшін керек? Біздің айналадағы адамдарға үнемі

көмек керек. Егер біз ешкімге көмектеспесек, ол кезде бізге кім көмектеседі?

8. Біздер қандай қайырымдылық істей аламыз?

9. Қуыршақ театырын ұйымдастыру.

Мейрімді іс-әрекет туралы қойылым дайындау.

· Достармен мейрімді қарым-қатынас

1. Асан мен Арман – жан достар. Олар бір үйде тұратын болғандықтан,мектепке де бірге барады, аулада да бірге ойнайды. Асан жақсы оқиды, ал Арман орташа оқиды. Асан досына жаны ашып, үй тапсырмасын үнемі көшіруге береді. Мүмкін бұл нағыз достық болар. Балалар, сіздер не ойлайсыздар?

2. Қане, нағыз достық ережесін жазайық:

- Досың ауырғанда үйіне барып, үй тапсырмасын орындауға көмектесу.

- Досыңның іс-әрекеті туралы мұғалімге айту.

- Досыңды көшеде бұзақылардан қорғау.

- Досыңмен сенде бар нәрсемен бөлісу.

Шын достықтың ережелеріне сіздер не қосар едіңіздер?

3. Света мен Самал – жақын достар. Олар үнемі асханаға бірге барады.

Бірде Самал самса алатын ақшасын жоғалтып алды. Ал Света дәмді самсаны алып жеп тұрды. «Самал мен саған мен ақша берер едім, бірақ анам ұрсады» - деді Света. Қалай ойлайсыздар мұндай жағдайда не істеу керек еді? Нағыз достар қалай әрекет етенр еді?

4. Өз досыңыз туралы айтыңыз. Неге сіз онымен доссыз? Балалар,достық неден басталады?

5. Қазір екі топқа бөлінеміз. Әр топ «Достық қалай басталады?» деген

шағын қойылым жоспарын құруы керек.

· Пікірлесу

Тақырыбы: сыйластық, өзара көмек, достық.

Мақсаты:оқушыларды өзара көмек ұйымдастыруға, сыйластыққа, бір-бірімен дос болуға үйрету.

Пікірлесу сұрақтары:

1. Сыйластық, өзара көмек, достық дегеніміз не?

2. Кімге және қалай көмектесу керек?

3. Қалай дос болуға болады?

Бұл тақырыпқа пікірлесу үшін балалар жақсы білетін еретегі немесе мультфильм ұсынуға, яғни оқуға немесе қуыршақ театырын ұйымдастыруға болады.

1. Ит пен қасқыр ертегісі.

а) Иттің иесі итті қуып шығуы орыды ма? Кәрі итті не істеуі керек еді?

б) ит пен қасқыр бір-біріне неге көмектесті?

в) қалай ойлайсыздар ит пен қасқыр арасында адал достық қалыптасты ма?

2. сыйластық дегенгіміз не?

Сыйластық – адамға мейрімді қарым – қатынас. Адамды сыйлау дегеніміз:

а) Оған көмектесуге әзір болу.

б) онымен жылы сөйлесу.

в) үзілісте бірге ойнау.

3. балалар сендер кімді сыйлайсыңдар? Ол адамдарды неге сыйлайсыңдар?

4. өзара көмек және достық дегеніміз не?

Өзара көмек бұл – басқа адамдарға деген көмек. Достық бір-біріне көмектесетін сыйластық қарым-қатынас.

4. Өз досың туралы әңгіме. Сіздің достығыңыздың себебі не?

5. Адамдар не үшін дос болуы керек? Ол неге керек?

6. Бір-біріңді сыйламай, көмектеспей дос болуға бола ма?

Өз досыңыз туралы әңгіме жазыңыз.

Қалай дос болуңа болады?

· Этикалық ойындар

Танысу. Қалай танысуға болады? Ең бірінші кім өзін таныстыруы тиіс. Қайда, қашан танысуға болады? Үлкен, кіші, ер, әйел, басшы қызметкер қалай танысады? Танысу кезінде қандай рәсімді ұстану керек? Осы сұрақтарға жауап іздейік. Қазір сендерге бір-бірімен танысу туралы ойларыңды айтуға мүмкіндік жасалады. Әңгімені шеңбер бойыншажүргіземіз. Әркім өз ойы мен түсінігін айтып отырады (дабыл қағылады). Осы әңгімеден кейін қалай танысу керек екендігін түгел меңгеретін боласыңдар. Бірнеше топқа 3-4 адамнан бөлініп, қалай танысу керек екендігін көрсетіңдер. Барлықтарымыз танысу көріністеріне назар аударайық. Мәселен, сен екі немесе бірнеше адамды бір-бірімен таныстырғың келеді. Қандай танысу рәсімдерін білесің? Кімді қандай ретпен таныстыру керек? Осы тапсырманы дайындайық ... Ол үшін көңілдегі ойды лестету керек, яғни рөлді сезіну керек. Түсінікті болу үшін мынадай мысал келтірейік. Сіз Самат Сағатұлы, музыка пәнінің мұғалімсіз, орта жастасыз немесе алты жасар бала Бақытсың немесе студент Ибагүлсің. Өзіңізге ұнайтын рөлді таідап алып, сол рөлдегі адамды бейнеле. Басталды. (Дабыл қағылады). Рахмет. Ендігі кезекте біреуің барлық ойынға қатынасушыларды бір-бірімен таныстыруың шарт. Ол үшін бірінші өзіңді таныстырып, басқалармен танысуың керек. Танысу рәсімін өткізу үшін қатынасушылардың жасын, жынысын, қоғамдағы орнын ескерген жөн. Танысу рәсімі қандай жағдайда өтпек, салтанатты кеште ме, әлде пойызда ма? Сонымен әр топтың жетекшісі танысу рәсімін ойластырады. Әділ қазылар алқасы қорытынды жасайды. Дайындыққа бес минут беріледі (дабыл қағылады). Рахмет. Танысу рәсімін бастадық. Мейлінше табиғи қалыпты бейнелеуге ұмтылып, ойынның шартын ұмытпаған жөн. Бейнелеген көріністер күлкілі де болуы мүмкін. Басталды (дабыл қағылады). Рахмет. Өте жақсы. Жетістіктерді талдайық. Әділ қазылар алқасы өз шешімдерін ортаға салады. Қарым-қатынас қалыптарының дұрыс немесе қате екендігін айтып, табиғи түрде көрсете алғандарды хабарлайды. Қатынасушылар өз ойларын айта алады. Басталды (дабыл қағылады). Алғыс айтамыз, ойынның соңы. (дабыл қағылады).

Қосымша: танысу кезіндегі инабаттылық ережесі.

1. Таныстырушы жасы кішіні үлкенге, ер азаматты әйелге, қызметкерді

басшыға таныстырады.

2. Жасы тұтас адамдарды таныстыру кезінде өзінің жақын досын бірінші

таныстырады. Барлық таныстар ата-анаға таныстырылады.

3. Жеке адамды топқп таныстырады.

4. Көпшілікті қабылдау кезінде қонақтар өздері танысады.

5. Жолдасыңды немесе жанындағы адамдарды кездесуде таныстырудың

реті жоқ.

6. Танысу кезінде, қолың ең бірінші аты аталған адам екінші адамға

ұсынады, әйел адам ер адамға, үлкен кішіге, басшы қызметкерге.

7. Жиі кездесетін адамдармен сәлемдесу керек.

8. Жасы кіші адам сәлемді бірінші беру қажет.

9. Дастархан, табалдырық үстінен қол созып сәлемдесуге болмайды.

10. Ұсынған қолды алмау – адамды қорлау белгісі.

· Пікірталас

Пікірталас ұғымы диспут (disputo) латын сөзінен алынып, талқылаймын, таласамын деген ұғымды білдіреді.

Пікірталас – күрделі, сонымен бірге қоғамдық, саяси адамгершілік тәрбиенің тиімді формасы. Пікірталас –белсенді, қызықты пікір алмасу. Мұнда әртүрлі көзқарас қақтығыстар болады. Шынайы шындыққа жету жолы еркін пікір алмасу арқылы жүреді. Өзінің де, жолдастарының да пікіріне сын көзбен қарауға үйретеді. Әдістемелік жағынан пікірталасты дұрыс өткізу, оқушылардың мінез-құлқының, ғылыми дүниетанымын, көзқарасының қалыптасуына үлкен әсер етеді. Өз бетімен, белсенді түрде пікірлерін талқылауға, өмірге тереңірек үңіліп, өз замандастарының мінез-құлқын жан-жақты бағалауға үйренеді. Пікірталаста әртүрлі сенім, көзқарас айтылып, проблемалық мәселелер көтеріледі. Пікірталастың тәрбиелік мәні – пікіріңнің дұрыстығын дәлелдеу, қарсыласыңның қателігін мойындаттыру, өздері сөйлеу ғана емес, өзгені де тыңдай білуге үйрену. Пікірталастың тақырыбан таңдауға балалардың өздерін қатыстырған жөн. Пікірталас тақырыбы нақты бір мәселені көтеруі қажет. Тақырып таңдалғаннан кейін, оған сұрақтар ойланып, әзірленеді. Пікірталасқа дайындалу үшін оқушыларға екі аптадай уақыт беріледі. Пікірталас өткізбес бұрын балалардың ойын білу үшін сауалнамалық сұрақтар өткізіп, оның қорытындысын, пікірталас кезінде жариялауға болады. Оқушыларды пікірталас ережелерімен күні бұрын таныстыру қажет:

1. Пікірталасқа қатыспас бұрын не айтатының туралы мұқият ойлан.

2. Пікірталасқа келген екенсің, міндетті түрде өз көзқарасыңды білдір.

3. Жүйелі, қарапайым, анық сөйле.

4. Өзіңді ойландыратын, сенімің мол нәрселерді ғана айт.

5. Өзіңнен бұрынғы айтқандардың айтқанын қайталама.

6. Сөйлеген кезде дауысыңды көтеріп, қолыңды сермеме.

7. Пікірталас айтысы кезінде басқаларды сыйлай біл, достарыңдыренжітуге тырыспа.

Пікірталас өткізілетін бөлме күні бұрын дайындалып, безендірілуі керек, тақырыпқа сай белгілі қайраткерлердің қанатты сөздерінен үзінділер жазып ілуге, тақырыпқа сай газет шығаруға, үнтаспа жазбаларын тыңдап, музыкамен көркемдеуге болады. Бірақ пікірталасты концерттік бағдарламаға айналдыруға болмайды.

Пікірталасты беделді, алға қойған мақсатты жақсы білетін ұстаз немесе үлкен адам жүргізуі тиіс. Пікірталас кезінде жүргізуші әрбір сөз сөйлеушінің сөзін мұқият тыңдап, ойын бөлмей, әрбір сұрақтан кейін мысалдармен қорытындылап отыруы керек.


0388542057610412.html
0388586222595366.html
    PR.RU™